Петербор теміржолында бомба жарылды
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Петерборда Октябрь теміржолында жарылыс болды.
Мәскеу уақыты бойынша сағат 04.21-де Санкт-Петербор-Витебск теміржолының Броневая-Лигово учаскесінде жарылған бомба өтіп бара жатқан дрезинаның күлін көкке ұшырды. Ресей темір жолының баспасөз қызметінен хабарлағандай, дрезина машинисі аяғынан жарақат алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылғыш құрылғының қуаты тротил баламасы бойынша 200-400 грамм аралығында. Оқиға орнында диаметр 1 метрдей шұңқыр пайда болды.
Қазір ол жерде Көліктегі Солтүстік-Батыс тергеу басқармасының жедел-тергеуші тобы жұмыс істеп жатыр.
Өткелде пойыз қозғалысы тоқтатылды. Петербордың Балтық вокзалы жабылып, вокзалдан қала маңына қатынайтын пойыздар жүрмей тұр. Оның орнына Әуежай және Витебск вокзалы платформаларынан Гатчина бағытында кесте бойынша қозғалыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды РБК агенттігі.