Петербор тұмаумен күресуде
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Доңыз және маусымдық тұмау пандемиясының қаупі Петербор өкіметін қоғамдық орындарда аурудың алдын алу туралы ақпараттар орналастыруға мәжбүр етуде,
деп хабарлайды осынау шараны ұйымдастырушы - «Қызыл Крест» қоғамының петерборлық бөлімінің баспасөз қызметінен.
Арнайы әзірленген жарқағаздар мен үнпарақтар адамдар көп жиналатын орындарға, атап айтқанда, мектеп, жоғары оқу орындары, мейрамханалар, дәмханалар, сауда орталықтары, концерт алаңдары, т.б. орындарға орналастырылатын болады. Жарқағаздарда қолдарды дұрыс жуу мен түшкірген кездегі қорғану үдерістері бейнеленген. Ал бағыттық таксилерде тұмаудың алдын алу туралы бейнебаяндар көрсетіле бастайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Санкт-Петерборда жоғары патогенді A/H1N1 тұмауымен(доңыз тұмауы) ауырған 300-ден астам адам тіркелген. Ресми мәліметтер бойынша, кісі өлімі жоқ.