Петерборда блокада нанын еске алады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петербор тұрғындарына блокада нанының дайындалу құпиясы таныстырылады.
Бұл құпия қаңтардың 23-і күні өтетін «Блокада наны» арнайы еске алу акциясының барысында ашылмақ.
Қаңтардың 23-інде «Пискарев зираты» мемориалдық кешенінде өтетін еске алу шарасына соғыс ардагерлері, блокадашылар, Петербордың 40 мектебі мен гимназиясының оқушылары және Ленинград облысының басшылығы қатысады.
Жиналған қауым әскери техникаларды тамашалайды, нағыз блокада нанының дәмін татып көреді және Обелискіге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.
«Ленинградтың блокада наны» - Ресейден сырт аумақтарға да тарап отырған акция. Оның аясында соғыс ардагерлері мен мектеп оқушылары Беларус еліне сапар жасап қайтты», - деп хабарлады жобаны ұйымдастырушылар.