Петерборда қайырымдылық аукционында саясаткерлердің туындылары сатылады
АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Петерборда өтетін қайырымдылық аукционында саясаткерлер мен өнер жұлдыздары салған суреттер, сондай-ақ Президент Дмитрий Медведев түсірген фотосурет сатылады,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Тимакованың айтуынша, сатуға қойылатын Тобыл қаласының панорамасын Д.Медведев 2008 жылдың қыс айында сайлауалды науқан кезінде тікұшақтан түсірген.