Петерборда соғыс балаларына ескерткіш орнатылады

САНКТ-ПЕТЕРБОР.    Желтоқсанның  8-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петерборда  Ұлы Отан  соғысын  еске алуға арналған  жаңа ескерткіш пайда болады.   «Соғыс балалары»  деп аталатын   монумент    Ұлы Жеңіс күніне    орай   Ерлік алаңында орнатылмақ.

Петерборда соғыс балаларына ескерткіш   орнатылады

Қазіргі    таңда   болашақ ескерткіштің  жобасына арналған  конкурстың бірінші кезеңі аяқталып  отыр.      Қазылар алқасы бес   жұмысты іріктеп алды,    екінші  кезеңде   сол  жобалар   күресті  жалғастырады,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-губернатор   Людмила  Косткинаның айтуынша,   «іріктеп алынған   жобалар   конкурстың  ұсынылған   тақырыбына   сәйкес келеді,  дегенмен  авторлар, қазылар  алқасының   сын-ескертулерін  ескеріп,   жобаларын  толықтырулары керек».

Қала  өкіметінің    қалауы -   соғыс  жылдары  зауыттарда    ересектермен  қатар еңбек еткен,      өртенгіш бомбаларды сөндірген, жаралыларға көмектескен   жас ленинградтықтардың   образын   лайықты көрсету.

Конкурстың екінші    туры  үш  айдан кейін  өтеді   деп жоспарлануда.