Петерборда туристерге салық салынбақ

САНКТ-ПЕТЕРБОР.  Желтоқсанның  23-і.  ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -   Санкт-Петербор  губернаторы   Валентина Матвиенко    қала үкіметіне    туристердің    солтүстік астанада жүріп-тұруына  арнайы   салық    салу мүмкіндігін  қарастыруды  тапсырды.
None
None

 Қалалық  әкімшіліктің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,  губернатордың   айтуынша,        түскен   қаржы  қаланың  тарихи орталығын   күзетуге  және   сәулет ескерткіштерін  қалпына келтіру   мақсатына жұмсалатын   болады.

В.Матвиенко   ханымның  түсіндіруінше,   бұл жерде   кішігірім сома (шамамен   адам басына 2 еуродан)   туралы сөз болып  отыр.  Шенеуніктердің  есептеуінше,   жылына 5 миллионға  дейін турист қабылдай алатын  Петербор,  осы бастаманың  арқасында    жылына қосымша 10  миллион  еуро  табыс таба алады.

Петербор  үкіметінің  инвестициялар  және  стратегиялық   жобалар    жөніндегі комитетінің  мәліметі  бойынша, 2009  жылы    туристер ағыны     былтырғы   деңгейде -  4,8 миллион  адам  шамасында    сақталған.   Олардың    жартысынан  астамын     Ресейдің   өзге өңірлері мен     қалаларынан  келетін   қонақтар құрайды. 

Соңғы жаңалықтар