Петерборда жарылысқа ұшыраған Лениннің ескерткіші орнына оралды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Осыдан бір жыл бұрын Санкт-Петербордың Финляндия вокзалы алаңындағы жарылысқа ұшыраған ескерткіш жөндеуден өткізіліп, бұрынғы орнына қайта қондырылды.

Петерборда жарылысқа ұшыраған Лениннің ескерткіші орнына оралды

Ескерткішке белгісіз біреудің 2009 жылғы сәуірдің 1-інде қасақана жасаған жарылысынан зақым келген еді.

Мүсіннің артқы жағындағы төменгі бөлігінің диаметрі 1 метрдей қуысты қайта өңдеу үшін ол былтырғы қазанның 26-сында автокранмен бөлшектеліп, ұзын жүк көлігімен шеберханаға жөнелтілген-ді. Қайта жөндеу барысында ескерткіштің жетіспейтін бөліктерін «таңдап алынған» қола кесектермен толықтыруға, ал аракідік - ескерткіштің түпнұсқасы құйылған, өткен ғасырдың 20-сыншы жылдарындағы металл құрамына жақындатылған құраммен толықтыруға тура келді. Жарылыс екпінімен жұлып әкетілген Ленин плащының кесіндісі тың қоламен жаңартылды.