Петерборда жауған қалың қар тарихи рекорд орнатуда
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петерборды қалың қар басып қалды. Өткен тәуліктер бойы толассыз жауған қар, 1981 жылдан бері жауған ең қалың «ұлпа» болды.
Қар қабатының деңгейі 30 см дейін жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «Гидрометцентр» мәліметтеріне сілтеме жасаған Петербор әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Петербор вице-губернаторы Алексей Сергеевтің айтуынша, қалың қарды тазалауға қаладағы барлық жинау техникасы шығарылып, барлық адам ресурсы жұмылдырылуда. Қазіргі таңда қаланы толассыз жауған қардан тазалауға 1 216 бірлік қар жинайтын техника, 340 самосвал, 162 жүк тиейтін көлік атсалысуда. Оған қоса, тағы 1 мыңнан астам адам қар жинауға жұмылдырылған.
Алдағы күндерде ауа райының жайсыз болатыны туралы болжам жасалып отыр. Синоптиктердің пікірінше, қар аптаның соңына дейін жауады және тарихи рекорд тағы бір рет жаңарады.