Петербордағы теміржол жарылысына қатысы бар деген күдіктілер ұсталды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Петербор теміржолында дрезинаның жарылуы туралы іс бойынша күдік келтіріліп отырған Игорь Грицкевич пен Владимир Смирнов «Славян қоғамы» ұлтшылдар ұйымының мүшелері болып табылады,

Петербордағы теміржол жарылысына     қатысы  бар деген күдіктілер ұсталды

деп хабарлады «РИА «Новости» агенттігіне Петербордың құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Ақпанның 2-сі күні мәскеу уақыты бойынша сағат 04.23-те Санкт-Петербор-Витебск теміржолының Броневая-Лигово учаскесінде жарылған бомба өтіп бара жатқан дрезинаның күлін көкке ұшырған болатын. Оқиға салдарынан дрезина машинисі аяғынан жарақат алған болатын. Жарылғыш құрылғының қуаты тротил баламасы бойынша 200-400 грамм шамасында болған. Оқиға орнында диаметрі 1 метрдей шұңқыр пайда болған еді.

«Грицкевич пен Смирнов «Славяндар қоғамы» ұлтшылдар тобының мүшелері болып табылады. Олар топтың атын жария ету мақсатында осындай қылмыс жасаған. Олардың сыбайластарын анықтау жөніндегі шаралар жүргізіліп жатыр», деп хабарлайды дерек көз.

Жарылыс факті бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 222-ші бабы бойынша (жарылғыш заттардың заңсыз айналымы) қылмыстық іс қозғалып отыр, бұл бап бойынша кінәлілерді 8 жылға дейін жаза күтіп тұр.