Петропавл әкімі сәулетшілермен мен дизайнерлермен «қала тұрғызу тәртібін» орнату мәселелерін талқылады

ПЕТРОПАВЛ. 14 маусым. ҚазАқпарат - Петропавлда сәулет-көркемдік кеңесі қайта құрылады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Петропавл әкімі сәулетшілермен мен дизайнерлермен «қала тұрғызу тәртібін» орнату мәселелерін талқылады

Шаһар басшысы Төлеген Закариянов қаланың сәулетшілерімен, дизайнерлерімен және суретшілерімен кездесіп, оларды «қала тұрғызу тәртібін» орнатуға септесуге шақырды.

Әкімнің айтуынша, бүгінде Петропавлда құрылыс жұмыстары жиі архитектуралық жоспарсыз, құрылыстың бас жоспары сақталмай жүргізілуде. Архитектура мен қаланың санитарлық жағдайы арасында сәйкестік жоқ, салдарынан жаңа заманауи ғимараттың аумағы қараусыз қалатын жағдайлар бар.

Құрылыс жұмыстары «қызыл сызықта» немесе жаяу жүргіншілер жолында жүргізілгені бірнеше рет анықталды.

«Кездесуге қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, бір кездері Петропавлда қызмет еткен сәулет-көркемдік кеңесін қайта жандандыру қажет. Бірақ бұл ретте, қаладағы барлық құрылыс жұмыстарын кеңестің мүшелері қабылдау үшін оған тиісті өкілеттіктер беру қажет. Осы мақсатта кеңесті құру мәселесін қалалық мәслихаттың келесі сессиясында талқылау жоспарланып отыр», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Кеңес басты назарды облыс орталығын салудың бас жоспарына түзетулер енгізуге, жан-жақты жоспарлауға және қалалақ кадастрды құруға аударатын болады.