Петропавл-Алматы бағытында пойыз жүре бастайды

ПЕТРОПАВЛ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Петропавл стансысында Петропавл-Алматы бағытындағы №16  пойыз жүре бастайды.

Петропавл-Алматы бағытында пойыз жүре бастайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ  компаниясының ақпаратынша, жаңа пойыз жүру уақытын бір жарым есеге қысқартады, ол жаңа вагондардан құрылатын болады. Петропавл қаласынан тақ күндері аттанады. Бұдан басқа, Алматыға дейін темір жолмен №152 жүрдек пойызымен немесе Екатеринбор-Алматы бағытындағы пойызбен жетуге болады.

2013 жылдың жазынан бастап «Жетісу» пойызы күн сайын жүре бастайды, ал вагондардың саны 35 бірлікке дейін өседі.