Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Петропавл айналма жолының учаскесі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – 30 шілдеден бастап Петропавл қаласының айналма жолының учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

Үлкен Алматы айналма жолында апаттық тұрақ аймақтары ашылды
Фото: «БАКАД» ЖШС

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Петропавл гидроторабының автожол көпірінде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 2026 жылғы 30 шілде сағат 09:00-де Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар KZ15-09 «Петропавл қаласының айналма жолы» автомобиль жолының 25 - 30 шақырым аралығында (20-ықшамаудан айналма жол айрығынан Мамлютка айналма жол айрығына дейін) автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде: 

– жеңіл автокөліктердің қозғалысы Петропавл қаласы арқылы ұйымдастырылады;

– жүк автокөліктері үшін келесі балама бағыттар ұсынылады:

- KAZ02 «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолының 481-473 шқ аралығы;

- KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 946-938 шқ аралығы;

- KZ15-02 «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы» автожолының 0-30,519 шқ аралығы.

Жолды 2026 жылғы 3 тамыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.

Айта кетейік, Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігі екі аптаға жабылады.