Петропавл қалалық полиция басқармасына жаңа бастық тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавл қалалық полиция басқармасын полиция подполковнигі Серік Әлжанов басқарады.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов оны жеке құрамға таныстырды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Серік Әлжановтың ішкі істер органдарында 23 жылдық еңбек өтілі бар.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының Заң институтының түлегі. Қызмет жолын тергеуші ретінде бастап, жедел уәкіл болып жұмыс істеген.
2013 жылдан бастап басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасын басқарды.
Бұған дейін Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Айқожа Әбсадықов Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры болып тағайындалғанын жазған едік.