Петропавл қаласында өтірік сөйлегенді анықтайтын фирма бар

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бұл фирманың жалғандық детекторы қаржы шашқандар мен күйеуінің көзіне шөп салғандарды ұстап беріп жатыр, деп хабарлайды КazBIN.
None
None

Солтүстік Қазақстандағы жаңа бизнесті ашқан Дмитрий есімді кәсіпкер Мәскеудегі полиграфология академиясында оқып келген. Оның бизнесі алғаш күннен-ақ табысты бола бастапты. Себебі, алғашқы клиенттері - түрлі мекеме басшылары мен қызғаншақ күйеулер.

 Алғашқылары фирма қызметіне қол астындағы қызметкерлерінің мекеме қаржысын талан-таражға салған-салмағанын білу үшін жүгінсе, екінші топ әйелдерінің адалдығын анықтап алуға құмар.

 Жалғандық детекторының ең қымбат қызметі де осы өмірлік жолдасының адалдығын тексеруге қатысты берілген тапсырыста болып отыр. Бұл қызмет үшін 35 мың теңге төлеу керек.

 Ал қызғаншақ күйеулер бұл қызметтен ақша аяп жатқан жоқ. Ең қызығы, әйелдердің күйеулерінің көзіне шөп салғанын детектор құралы 20 пайызға растап беруде екен. Бизнесмен Дмитрийдің айтуынша, детекторды алдау өте қиын. Өйткені, ол адамның жауап беру кезіндегі жүрек соғысы мен дем алысын тіркеп отырады. Ал соңғы шешімді жауаптарға сараптама жасайтын оператор шығарады.

Соңғы жаңалықтар