Петропавл көшелерін қардан тазартуда жасанды интеллект жүйесі қолданылады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда көшелерді қыс мезгілінде күтіп ұстауға арналған техниканың көрмесі өтті. 

Петропавл көшелерін қардан тазартуда жасанды интеллект жүйесі қолданылады
Фото: СҚО әкімдігі

Іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысындағы коммуналдық және жол қызметтерінің, энергетикалық және авариялық-құтқару бөлімшелерінің алдағы қысқа дайындығы тексерілді.

СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

Биыл облыс жолдарында 232 жылыту пункті жұмыс істейді. Қарды шығарып, жолдарды ашуға мыңға жуық арнайы техника және 1 863 жұмысшы жұмылдырылады. 

Петропавлдағы көшелердің жалпы ұзындығы – 366 км. Жолдарды қардан тазарту үшін биыл ол 8 секторға бөлінген. Жауапты ұйымдар күнделікті 170 арнайы техниканы көшеге шығармақ. 

– Біз қаладан қарды шығару қызметін цифрландыруды жоспарлап отырмыз, яғни жасанды интеллект қолданылады. Бағдарлама әзірленіп жатыр, шамамен 10-15 күн ішінде дайын болады. Әр техника GPS навигатормен қамтамасыз етіледі. Бұл навигаторлар және камералар бағдарламаға қосылады. Осылайша, техниканың қай жерде жұмыс істеп жатқанын, қардың қалай және қандай көлемде шығарылып жатқанын бақылауға мүмкіндік туады, - дейді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев. 

қар тазалау
Фото: СҚО әкімдігі
техника
Фото: СҚО әкімдігі

Қар төгетін полигондарға да бейнекамералар орнатылып, барлығы біртұтас цифрлық жүйеге біріктіріледі. Енді шығарылған қар көлемін есептеу жұмысын жасанды интеллект атқарады. Қазіргі уақытта екі полигон дайын, оның бірі – резервтік.

Бұған дейін СҚО жолдарында қанша қауіпті учаске бар екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар