20:27, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
Петропавл соты лаңкестік актісі туралы жалған қоңырау шалған адамды бас бостандығынан айырды
ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Петропавл қалалық соты Сергей Нецулякқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол 2008 жылғы қазанның 25-інде «Елім-ай» дәмханасына қойылған жарылғыш құрылғы туралы жалған мәліметті телефонмен хабарлаған болатын,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сол күні ренжісіп қалған таныс қызынан кек алу үшін ол полицияға телефон шалып, дәмханаға қойылған жарылғыш құрылғы туралы хабарлаған.Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Лаңкестік актісі туралы қасақана жалған хабарлау» 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Петропавл қалалық сотының үкімімен Нецуляк жалпы тәртіптегі колонияда бір жылға бас бостандығынан айырылып, сотталды. Қылмыскердің келтірген залалы толықтай өндіріліп алынатын болады.