Петропавл тұрғынының үйіндегі мұрағатта 55 Кеңес Одағы батырының жеке ісі сақталған (ФОТО)

«55 Кеңес одағы батырының және 11 Даңқ ордені иегерінің жеке істерінің сақталғанына біраз уақыт болды. Әскери комитетте жұмыс істеген кезімде 1978 жылдан бастап әріптестеріммен бірге ҰОС-ына қатысқандар туралы ақпарат жинай бастадым. Майданнан оралғандар мен Отан үшін жанын пида еткендердің барлығы есепке алынды. Сол кезде алғаш рет соғысқа қатысушылардың уақытша жеке куәліктері беріле бастаған. Екі жыл ішінде мұндай құжат 15 мың солтүстікқазақстандыққа берілген», - деді Иосиф Марцинкевич. Марапаттау парақтарының, грамоталардың, автобиографиялардың, газеттегі мақалалардың көшірмелері КСРО Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағаты мен әскери-медициналық құжаттар мұрағатынан сұрастырылды. 3 мыңнан астам өтініш жолданды. Еріктілер де ақпаратты жиюға көмектесті. Әр құжат Екінші дүниежүзілік соғыстың майданындағы сотүстікқазақстандықтардың ерлігі туралы баяндайды.
Өкінішке қарай, 55 Кеңес Одағы батырының және 11 Даңқ ордені иегерінің барлығы көз жұмған. Алдағы уақытта петропавлдық Иосиф Марцинкевич бұл құнды мұрағатты облыстық ардагерлер кеңесіне тапсыруды жоспарлап отыр.