Петропавл Жаңа жылға дайындық үстінде
ТРОПАВЛ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда Жаңа жылға қарсы мұз айдындары, хоккей қораптары мен қарлы төбешіктер жасалған, деп хабарлайды қалалық туризм және спорт бөлімі.
Балалар мен жастар қуанышы үшін облыс орталығында мереке қарсаңында 30 мұз айдыны құйылған, олардың 24-і - жалпы білім беретін мектептер жанында, ал конькиді жалға беретін 6 мұз айдыны - «Қарасай» және «Жастар» стадиондарында, тағы екеуі - көшелер қиылысында, біреуі - «Пёстрое» көлінде жасалған.
Балалардың белсенді демалуы үшін 9 хоккей қорабы орнатылған, олардың төртеуі - жалпы білім беретін мектептер жанында. «Қарасай» және «Жастар» стадиондарында екі корт, ал тағы үшеуі - тұрғын үйлер аулаларында пайда болды.
Бұдан басқа, жалпы білім беретін мектептер мен тұрғын шағын аудандарда 30 қарлы төбешіктер жасалды.