09:52, 14 Сәуір 2022 | GMT +5
Петропавлда 13 жасар қызға іздеу жарияланды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда үйінен шығып, қайтып оралмаған 13 жасар Ангелина Новицкаяға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланың жоғалғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.
Волонтерлердің айтуынша, 2009 жылы туған Ангелина Новицкая кеше кешкі сағат 18.00 шамасында Петропавлдағы Украин көшесі, 175 үйден шығып кеткен. Содан бері хабарсыз.
Жасөспірімнің бойы - 159 см, дене бітімі орташа келген, қой көзді, шашы қара, қысқа.
Сол күні үстінде ақшыл көк түсті жейде, кең сұр джинсы, қара бәтеңке болған. Қолында қандағы қант мөлшерін есептейтін Либре сенсоры болуы тиіс.
Жоғалған қызды көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.