Петропавлда 27 жанұя қоныс тойын тойлады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Береке» шағынауданында 27 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді.
None
None

Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов жаңа пәтер иелерін құттықтап, кілттерді табыс етті.

«Бүгін мемлекеттік мереке - ҚР Ата заңының 20 жылдығы қарсаңында біздің қалада тағы бір тұрғын үй қолданысқа берілді. «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша мұнда 29 жасқа дейінгі азаматтар пәтер алып жатыр. Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың бағдарламасының арқасында мүмкін болды», - деді өз сөзінде М.Тасмағанбетов.

Баспаналы болғандардың ішінде әскерилер, әлеуметтік сала қызметкерлері мен кәсіпкерлер бар.

Соңғы жаңалықтар