19:04, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Петропавлда 5 жасар баланың қайтыс болу себебі белгілі болды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Петропавлда 5 жасар бала өлімінің себебі анықталды.

Бұрын хабарланғандай, 24 шілдеде Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінің маңында тұрғындар түрлі жарақатпен 5 жасар баланы тапты. Олар баланы ата-анасына жеткізді, алайда жедел жәрдем келгенге дейін ол қаза тапты.
Полицейлердің ақпаратынша, 5 жасар бала жол-көлік апаты салдарынан алынған жарақаттардан көз жұмды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.
«ҚР ҚК 106-бабына сәйкес сот алдындағы тергеу жұмыстары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Сот-медициналық сараптамы анықтағандай, бала көліктің қағып кетуі салдарынан жарақаттанған. СҚО ІІД Тергеу басқармасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.