Петропавлда 90 орындық балабақша ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы Юбилейный шағын ауданында 90 орынға арналған «Нұр бала» балабақшасы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Балабақшада 3-6 жас аралығындағы балалар үшін 4 топ ашылды.

«Бұл шағын ауданда халық көп қоныстанған. Мектепке дейінгі ұйым болмады.  Жалпы, Петропавлда 3-6 жас шамасындағы балалардың 99%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етілген. Балабақшадан орын алу кезегінде 11 мың бала тұр», - деді Петропавл қалалық білім бөлімі мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі Сайран Испандиярова.

Балабақшаның ашылуына СҚО әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Ол атап өткендей, мемлекеттік-жеке серіктестік аясында өңірде тек мектепке дейінгі мекемелер емес, сондай-ақ денсаулық сақтау, спорттық нысандар ашылуда.

«Нұр бала» балабақшасы «Егоровские склады» ЖШС-мен концессиялық келісімшарт бойынша салынған. Бұл - аталмыш компанияның Петропавлда салған екінші мектепке дейінгі мекемесі. Бұл компания 2015 жылы 280 орындық балабақшаны қолданысқа берген. Компанияның директоры Гарик Бернецян қазіргі таңда 140 орындық тағы бір балабақшаның құрылысы жүріп жатқанын атап өтті. Ол желтоқсан айында пайдалануға беріледі. 

Соңғы жаңалықтар
telegram