19:39, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Петропавлда автобус жүргізушісі орталық мешіттің қоршауын қиратты (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда қалалық бағыттардың біріндегі автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, «Қызылжар» орталық мешітінің қоршауын қиратты.

Жол апаты облыс орталығының халық көп жүретін қиылысында орын алды. Оқиға кезінде көлікте жолаушылар болмаған.
«Жөндеуге бара жатқан едім. Тежегіш істен шықты, тап осы жерде кенеттен бір машина шығып қалды да, соқтығысып қалмау үшін осы жаққа күрт бұрдым (мешіт қоршауы). Бағыма қарай ешкім болмады», - деді автобус жүргізушісі Арғын Қажығұлов.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.