Петропавлда азық-түлік дүкенінде есірткі сатылып келген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер дүкенде улы шөп сатқан есірткі саудагерін анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ол кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қала орталығынан үй-жайды жалға алған 47 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты.

«Оның дүкенінде азық-түліктен басқа, жекелеген клиенттер сөреге қойылмаған «тауарды» сатып ала алатыны анықталды. Қосалқы ғимаратта полицейлер сатуға әзірлеген марихуана, гашиш орамаларын тапты. Есірткі кәсіпкердің жалдамалы үйінен де табылды. Барлық тәркіленген есірткі - 695 грамм болды», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу жүріп жатыр. Бап санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Соңғы жаңалықтар