Петропавлда биыл қанша адам 10 сотық жерге қол жеткізеді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда 10 сотық жерге кезекке тұрғандардың саны 23 мыңға жуықтады. Кезек жылжыр емес.

жер учаскесі
Фото: АШМ

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жерге кезек Петропавлда 2003 жылы басталды. Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта тізімде 22 852 адам тұр. 2013 жылдан бастап кезекте тұрғандарға 1442 учаске берілген. 

- Жер учаскелерін алған азаматтардың әлеуметтік мәртебесі көрсетілмейді, өйткені арнайы есепке қою кезінде азаматтар санаттарға бөлінбейді және жер учаскесін алу үшін бірыңғай кезекке тұрады.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап жер учаскесін алу кезектілігі электрондық форматта қалыптастырылады. Енді 10 сотық учаскеге кезекке тұру үшін EGOV порталы арқылы өтініш беру қажет, - дейді Жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайрат Елеусізов.

Маманның айтуынша, 2024 жылы есепке 2 183 азамат алынды, сол жылы 83 учаске тұрғындарға берілді. Былтыр тізім тағы 1 431 азаматпен толықса, 33 адам көптен күткен 10 сотыққа қол жеткізді. 

- Биыл жыл басталғалы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 33 жер учаскесі берілді. «Солнечный-2» және «Оңтүстік» шағын аудандарына инженерлік инфрақұрылым тартылып болғаннан кейін 1419 жер учаскесі берілетін болады. Бұл жұмыс биылға жоспарланған.

Учаскелерді ресми бөлу кезінде азаматтардың бір бөлігіне берілмеуінің негізгі себептері: инженерлік инфрақұрылымның болмауы, реттелмеген жер-құқықтық мәселелер, - дейді Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшының орынбасары Сәкен Өтебаев.

ұған дейін жер учаскесіне қатысты шешімдерді онлайн алуға болатындығын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум