Петропавлда бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда ірі бұршақ жауып, кей тұрғынның көлігін зақымдады.Петропавлда тұрғындар жауған бұршақты әлеуметтік желіге жарыса салып жатыр. 

Петропавлда бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды
Фото: Әлеуметтік желіден

Шамамен сағат 16.00 кезінде басталып, бірер минутқа созылып жауған бұршақтың үлкендігі қаланың кей аудандарында бөдененің жұмыртқасындай болған. Кей жүргізушілер көлігінің алдыңғы әйнегін жарып жібергенін айтып шағымданып жатыр. 

Петропавлда бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды
Фото: Әлеуметтік желіден

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы бұған дейін ауа райының бұзылатындығын айтып дауылды ескерту жариялады. Мәселен ертең 29 сәуір күні қар аралас жаңбыр, кей жерлерде тағы бұршақ жаумақ. Ауа температурасы күрт төмендеп, түнде және күндіз 4-6 градус аралығында болады деп болжанған. 

Петропавлда бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды
Фото: Әлеуметтік желіден
Петропавлда бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды
Фото: Әлеуметтік желіден

Бұған дейін 100-ден астам сарбаз СҚО-дағы бөгетті бекітіп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар