Петропавлда бомбаны залалсыздандыру жөніндегі кешенді жаттығу өтті

ЕТРОПАВЛ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының ғимаратында жарылғыш затты анықтау және оны залалсыздандыру бойынша кешенді жаттығу өтті.
None
None

Бұл шараға полицейлермен бірге, төтенше жағдайлар ведомствосының, өрт сөндіру қызметінің, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің және жедел жәрдемнің қызметкерлері қатысты.

Жаттығу «сценарийі» бойынша, таңертең басқарманың тіркеу-емтихан қабылдау бөлімінің жайын жинастыру кезінде сымдары көрініп тұрған күдікті пакет анықталады. Дереу департаменттің Жедел басқару орталығының кезекшісіне хабар беріледі. Күдікті зат табылған жерді күзету туралы бұйрық беріледі де, ғимараттағы адамдар жедел көшіріле бастайды. Осы ауданда кезекшілік атқарып жүрген жаяу нарядтар мен автопатрульдер оқиға орнына бағытталады, ал жол полициясының экипаждары жақын маңдағы көшелердегі қозғалысты шектейді.

Ғимараттан адамдар толық көшірілгеннен кейін іске кіріскен «Арлан» арнайы бөлімінің жасағы бомбаның типін анықтады, ал жедел штаб оны залалсыздандыру туралы шешім қабылдады. Саперлар бөлімі арнайы роботтың көмегімен бомбаны залалсыздандырған соң, жарылғыш зат арнайы контейнерге салынып, жою үшін қауіпсіз жерге әкетілді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы полковник Серік Баймағановтың айтуынша, жаттығу жоғары деңгейде өтті.

Соңғы жаңалықтар