Петропавлда бір күнде екі саяжай қоғамдастығында өрт шықты

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда өрт сөндірушілер саяжай қоғамдастығында шыққан өртті өршітпей, дер кезінде сөндірді.

Баянауылда өртеніп жатқан үйлер кімге тиесілі
Фото: Видеодан алынған скрин

Өткен демалыс күні Петропавлдағы саяжай қоғамдастықтарында екі өрт тіркелді. 

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуір күні сағат 13.15 минут кеткенде «Кировец-2» саяжай қоғамдастығының маңындағы қоқыс пен кепкен шөп жанғандығы туралы хабар түскен. Жалын сол жердегі иесіз тұрған, жартылай бұзылған ғимаратқа ауысқан. Өрт шамамен 1 гектар ашық аумақты қамтып, саяжай учаскелеріне қауіп төндірді.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында жалынныңбасқа тұрғын үй құрылыстарына таралуына жол берілген жоқ. 

Дәл сол күні сағат 15.33-те «Горизонт» саяжай қоғамдастығында да өрт шыққандығы туралы хабар түсті. Учаскедегі екі қабатты үйдің екінші қабаты толық жанып кетті, бірінші қабатына және қасындағы 140 шаршы метрлік құрылыстың төбесіне зақым келді. Өрт тек кешкі сағат 19.30 шамасында ғана толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. 

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда күн жылынғандықтан дала өрті күрт көбейгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар