Петропавлда дәмхана мейманы тиген оқтан ажал құшты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Паутина» дәмханасында келушілердің біріне оқ тиіп қаза тапты, тағы екі ер адам жарақат алды, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Қайғылы оқиға 17 наурыз күні орын алған. Облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны басына тиген оқтан оқиға орнында көз жұмды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 33 жастағы Петропавл тұрғыны құрықталды, тағы қылмысқа қатысы бар 26 жастағы күдіктіні ұстау бойынша шаралар жүргізілуде, деп атап өтті полиция қызметкерлері. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) және ҚР ҚК 257-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

Соңғы жаңалықтар