Петропавлда энергетика саласындағы үздік қызметкерлерге құрмет көрсетті

ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін, желтоқсанның 22-сі - Энергетик күні Н.Погодин атындағы облыстық драма театрында салтанатты жиналыс өтіп, осы саладағы үздік қызметкерлерге құрмет көрсетілді.
None
None

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов энергетиктерді құттықтады. «Бұл - осы ауыр әрі жауапты мамандықты таңдап алғандардың барлығының мерекесі. Солтүстік Қазақстан облысы бүгінгі күні энергетика саласы табысты дамып отырған аймақтардың бірі», - деді ол.

Бүгінгі күні «СолтүстікҚазақстанЭнергия» компаниясында 2,5 мыңнан астам адам еңбек етеді, жыл сайын 2,5 млрд. кВт-сағат электр қуатымен және 1,5 млн гикокалория жылу энергиясымен өндірістерді және халықты қамтамасыз етеді.

Облыс әкімі сала ардагерлеріне айрықша ризашылығын білдірді. «Әлемдегі және елдегі күрделі экономикалық жағдайда облыс энергетиктері саланың жақсы көрсеткіштерін сақтап қана қойған жоқ, өндіріс көлемін арттыра түсуде», - деді С.Біләлов.

Салтанатты жиында энергетика саласының қызметкерлеріне облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғысхаттары, құрметті атақтар берілді. Сала жұмысын дәріптеген журналистер дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

Салтанатты жиынның соңында мерекелік концерт өтті.

Соңғы жаңалықтар