09:01, 23 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Петропавлда энергетиктер күнінде жұмысшылар баспаналы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның қызметкерлерiне арналған жатақхананың ашылу салтанатына қатысты. Жоба «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мен Солтүстiк Қазақстан әкiмдiгi арасындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк аясында жүзеге асты.

«Мұнда 90 пәтер бар. Мен «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерi «ОАЭК» компаниясының әлеуметтiк жауапкершiлiгiн атап өткiм келедi. Тура бiр жыл бұрын қаламызға 320 орындық жаңа балабақша сыйлаған болатын. Бұл үйде бiр және екi бөлмелi пәтерлер бар», - дедi Ерiк Сұлтанов өз баяндамасында.
Салтанатты таспа қию рәсiмiнен соң, облыс әкiмi қоныс иелерiнiң пәтерлерiмен танысып, тұрғындарымен әңгiмелестi, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, қуаныш иелерiн «Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорация» АҚ Президентi Еркiн Әмiрханов құттықтады.
Айта кету керек, мекеме жатақханасының болуы кәсiпорынға жас әрi бiлiктi мамандарды тартуға мүмкiндiк бередi. Бұдан бөлек, 18 пәтердi компания Петропавл қаласында кезекте тұрған отбасыларға бередi.