Петропавлда газ баллонының жарылуынан шыққан өрт кезінде 20 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді, күйіп қалған екі адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында Жамбыл көшесі бойында орналасқан 2 қабатты тұрғын үй пәтерінің бірінде түнгі сағат 00.52-де, асханада тұрмыстық газ баллонынан сыртқа жайылған  ауа газ қоспасы атылды.

Петропавлда газ баллонының жарылуынан шыққан өрт кезінде 20 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді, күйіп қалған екі адам  ауруханаға жеткізілді

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Өрт сағат 01.20-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. 20 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді.

 Орын алған өрттің салдарынан 35 жастағы ер адам мен 29 жасар әйелді күйік шалды, олар ауруханаға жеткізілді.