19:28, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
Петропавлда ірі сауда үйі тоналды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Пирамида» сауда үйін тонап кетті. Баукеспелер 3 млн.теңгеден астам қаржыны жымқырды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметкері Динара Сағындықова хабарлады.

«Петропавл полицейлері облыс орталығының сауда үйлерінің бірінің тоналуы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 25 мамырға қараған түні «Пирамида» сауда үйінен 3 млн. 800 теңге ұрланды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабына сәйкес тергеу амалдары басталды. Қазір қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары атқарылып жатыр», - деді Д.Сағындықова.
Тергеу барысы облыстық ІІД басшылығының бақылауына алынды.