Петропавлда қаржылық алаяқтық жасаған деген күдікпен «Ресейдің жинақ банкі» АҚ қауіпсіздік қызметі филиалының бастығы қолға түсті
ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алаяқтық фактісі бойынша «Апиакт» ӨК мен «Импек Трейд Маркет» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында «Ресейдің жинақ банкі» АҚ қауіпсіздік филиалының бастығы да қолға түсті.
Екеуі де екінші деңгейлі банктердің бірінен автокөлік алады деген жалған жолмен басқа тұлғалардың атынан 645 млн. теңгеге несие рәсімдеген.
Тамыздың 19-ы күні «Ресей жинақ банкі» АҚ қауіпсіздік филиалының бастығы тұтқындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.