Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстары жоғары оқу орындарының халықаралық форумы аяқталды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – Петропавлда наурыздың 1-інде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары жоғары оқу орындарының халықаралық ғылым-білім форумының жұмысы аяқталды.
None
None
11 ресейлік және 14 қазақстандық жоғары оқу орнының басшылары Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өткен екікүндік форумды Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Қазақстанның білім министрі Жансейіт Түймебаев бұл кездесудің Оралда, Челябі мен Ақтөбеде өткен екі ел басшыларының кездесулері барысында айтылған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары аясында өткізілгенін атап көрсетті. Ал форумның мақсаты екі елдің шекаралас облыстарындағы жоғары оқу орындарының арасында серіктестікті, ғылым, білім және мәдениет саласындағы ықпалдастық байланыстарды әрі қарай дамыту жөніндегі келісімшарттар жасау болып табылады. Форумның қорытынды күні екі елдің жоғары оқу орындарының арасындағы Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оқу орындарының басшылары арасында ынтымақтастық туралы екіжақты 45 келісім жасалды.
Соңғы жаңалықтар