06:09, 28 Мамыр 2016 | GMT +5
Петропавлда қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдарының сайысы өтті (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда облыстық «Нео-фольклор» сайысы өтті. сайысқа қатысқан 26 адам әділқазы алқасына ұлттық тағамдары мен киімдерді таныстырды. Сайысқа қатысушылар төңкерме, үлпершек, көмеш, қансоқта, сыр-бас, орама, қоспа, бұқпа сынды ұлттық тағамдарды әзірледі.

Барлық аспаздар өздері жасаған ұлттық тағамның жасалу технологиясы мен тарихын айтып берді.
Ең үздік ұлттық киім сайысында СҚО сәнгерлері тіккен көйлектер көрсетілді.
Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік аспаз атағының Гран-при жүлдесін Юрий Дубинин алды. ол «Сыр-бас» пен «Асқабақтағы қуырдақ» тағамдарын әзңрледі. Енді Ю. Дубинин Тараз қаласында өтетін сайысқа СҚО атынан баратын болады.
Сәнгерлер арасынан Уәлиханов ауданынан Сәулеш Идаят үздік шықты. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.