Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Петропавлда «ҚыздарНет» ісі бойынша алғашқы үкім шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда алғаш рет тыйым салынған «ҚыздарНет» сайтының қызметіне қатысы бар трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Петропавл соты топ жетекшісін 10 жылға, қалған қатысушыларын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мәлім етті.

Петропавл
Фото: gov.kz

Ағымдағы жылдың наурыз айында Петропавл қаласының прокуратурасымен тыйым салынған «КыздарНет» сайтында интимдік қызметтерді насихаттауға және жарнамалауға қатысқан трансұлттық ұйымдастырылған топтың 6 қатысушысына айып тағылған болатын.

— Топтың заңсыз қызметі белгіленген тарифтер бойынша ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін тұлғалардың сауалнамаларын ілгерілетуге негізделген, — делінген хабарламада.

2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «КыздарНет» сайты арқылы сутенерлікпен айналысуға көмектесу және қолдау көрсеткені үшін Республикадағы алғашқы үкім шығарды.

— Барлық қатысушылар кінәлі деп танылды, трансұлттық ұйымдастырылған топтың басшысын 10 жылға, оның қатысушыларының әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деп хабарлады прокупратурадан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Алматыда интим қызмет көрсеткен студия әшкере болды.