Петропавлда көктайғақпен күресудің жаңа тәсілі қолданылып жатыр
Ресейде шығарылған «Ледоруб» реагентін әзірге жергілікті арбат - Қазақстан Конституциясы көшесіндегі бедертастарға себіліп жатыр. Реагенттің құрамына натрий мен хлорлы кальций кіреді. Өндірушілердің айтуынша, бұл қоспа жануарлар үшін қауіпті емес және аяқ киім мен тонды бүлдірмейді. Реагент мұзбен өзара әрекеттескендіктен, жол төсемін бүлдірмейді.
Таза бедертасқа себілген қоспаның кристалдары жол төсемінде 3-4 күн мұздың пайда болуына жол бермейді.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде қоспаны былтыр шағын учаскелерде сынақтан өткізгенін айтып отыр. Реагент үнемді, оны сатып алу үшін бюджетті көбейту қажет болған жоқ.
Қалған жол төсемдеріне бұрынғыдай топырақ-тұзды қоспа пайдаланылып отыр. Бұл қоспа тротуарлар, қиылыстардағы жол учаскелері, аялдамалар және жаяу жүргіншілер жолдарына себілуде.
Бөлімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылы тротуарлар мен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарына 22 млн теңге бөлінген.