Петропавлда Конституция күні «Біздің күшіміз - бірлікте!» мерекелік шеруі өтеді

ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған көптеген шаралар өтуде. Ертең облыс орталығында «Біздің күшіміз - бірлікте!» деген ұранмен кәсіпорындар, ұйымдар ұжымдарының, этомәдени бірлестіктердің, шығармашыл, концерттік ұжымдардың, жастардың мерекелік шеруі өтеді.
None
None

Осы мемлекеттік мереке қарсаңында мекемелер мен ұйымдарда, өндірістік және оқу ұжымдарында ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыстар өтті, онда елдің Негізгі заңының мемлекет пен қоғам өміріндегі рөлі мен маңызы туралы айтылды, сондай-ақ таңдаулы қызметкерлерді, соғыс және еңбек ардагерлерін марапаттау шаралары өткізілді.

Барлық орта оқу орындарында Ашық есік күндері ұйымдастырылды, кітапханалар мен клубтарда әңгімелер, лекциялар өтуде, тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылған. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін концерттік ойын-сауық бағдарламасы көрсетілді, оған «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының өкілдері қатысты. Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы орналасқан Достық үйінде қалалық ардагерлер хорының ҚР Конституциясы күніне және ұжымның шығармашылық қызметінің 25 жылдығына арналған есепті концерті өтпек.

Ертең Конституция күні Петропавлда және облыстың аудан орталықтарында негізгі мерекелік шаралар өтеді.

Соңғы жаңалықтар