Петропавлда Конституция күнінде үшемді дүниеге әкелген ана перзентханадан шықты

ПЕТРОПАВЛ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда Конституция күнінде үшемді дүнеге әкелген полиция подполковнигі Орал Жақыповтың әйелі перзентханадан шықты. Енді офицердің шаңырағындағы бала саны бесеуге жетті.
None
None

«Солтүстік Қазақстан үшін үшемнің дүниеге келуі - сирек оқиға. Соңғы рет үшем бұден 8 жыл бұрын дүниеге келген болатын. Бұл жолғы қуанышты жағдай полицейлер мен тергеу бөлімшесінің тарихында алғаш рет орын алып отыр», - деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Мәдина Балғашоқова.

Жақыповтар отбасын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов құттықтады және көрімдігіне 300 мың теңге берді. Отағасы ҚР Ішкі істер министрлігінен, ҚР ІІМ Тергеу комитетінің басшыларынан құттықтау жеделхаттарын алды.

Орал Жақыпов облыстық аппаратта меншікке қарсы қылмысты тергеу бөлімін басқарады. Зайыбы Ләззат медбике болып жұмыс істейді. Сәбилердің атын олар Азат, Азамат және Эльмира деп қойды. Қазір ана мен балалар өздерін өте жақсы сезінеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум