16:27, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Петропавлда Конституцияның 20 жылдығы құрметіне «Салт-дәстүр» фестивалі өтті (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Конституция күніне орай өңірдегі халықтық қолданбалы өнер және этномәдени бірлестіктерінің ең үздік шеберлері Петропавлдағы облыстық «Салт-дәстүр» фестиваліне қатысты. Сахнада Солтүстік Қазақстанның шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Сахнаның жанында халықтық қолданбалы өнер туындларының көрмесі ашылды. Мұндағы барлық заттар -облыстың алтын қолды шеберлерінің туындылары. Олардың арасында қобыз, жетіген, адырна секілді қазақтың ұлттық аспаптары да бар.
«Салт-дәстүр» фестивалінің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және тұрмысқа қажетті техникалармен марапатталды.