Петропавлда мемлекеттік патриоттық «Бірлігіміз жарасқан» науқаны аясында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше Петропавлда «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінің қатысуымен «Таза жағалау» атты экологиялық акция өтті.

Петропавлда мемлекеттік патриоттық «Бірлігіміз жарасқан» науқаны аясында «Таза жағалау»  экологиялық акциясы өтті

«Таза жағалау» экологиялық шарасы кең таралған «Бірлігіміз жарасқан» науқанының аясында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараның мақсаты - аймақтағы экологиялық жағдайға, әсіресе, Есіл өзені жағасының ластануына қоғам назарын аударту болып табылады.

Акцияға жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, ЖОО-лар мен колледжердің студенттері, барлығы 100-ге тарта адам қатысты.