Петропавлда мұз айдыны бар Спорт сарайы ашылады (ФОТО)

Г. Әбдіхалықованың Петропавлға жұмыс сапары «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолын жөндеу барысымен танысудан басталды. Учаскеде жұмыс 2015 жылғы маусымда басталды. 11 шақырым жолды жөндеу жұмыстары 2017 жылғы наурызда аяқталады деп жоспарлануда. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асырылып жатқан жобаның құны 5 млрд. 183 млн теңге. Бас мердігер - «К-Дорстрой» (Астана қ.).
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік хатшысы мұз айдыны және жеңіл атлетика манежі бар Спорт сарайының ашылуына қатысады. Содан кейін Г. Әбдіхалықова Солтүстік Қазақстандық ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады.
Ол Петропавл қ. 320 орындық балабақша құрылысымен танысады. Жоба «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында іске асырылуда.
Жұмыс сапары Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жалғасады, онда Н. Әбдіхалықова «Серпін-2050» бағдарламасының қатысушыларымен кездеседі. Жұмыс сапары аясында Абылай хан резиденциясына бару жоспарланған.
Мемлекеттік хатшының сапары өңірдің нәзік жанды өкілдерімен кездесуімен аяқталады.