19:35, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Петропавлда облыс активінің жиналысында ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды
ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Петропавлда ҚР Президентінің «Дағдарыстан - дамуға» Жолдауын талқылау жөнінде облыс активі мен жұртшылық өкілдерінің жиналысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өз баяндамасында әкім Серік Біләлов әлемдік қаржы дағдарысының кері әсерін есепке ала отырып, қазақстандықтар таяу уақытта шешулері тиіс басты міндеттерге тоқтады. Аймақ басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Дағдарыстан - дамуға» Жолдауын солтүстікқазақстандықтардың жылы қабылдағанын атап өтті. Ағымдағы жағдайдан елді алып шығу, дағдарыстан кейін елді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі жаңа тапсырмалар бұл құжатта анық көрсетілген.«Әлемдік дағдарыс өз құлдырауында төменгі шегіне әлі жеткен жоқ. Дағдарыста барлығын алдын ала болжап, біліп отыру мүмкін емес. Осыған қарағанда, ол ұзақ болуы да мүмкін», - деп облыс әкімі Президент сөзін қайталады. «Әлемдік экономикадағы ахуалдың күрделене бастағандығын жедел түсініп, шұғыл түрде оның алдын алу шараларына кірісу мәселесін Қазақстан әлемдегі алғашқы елдердің бірі қатарында қолға алды. Соның нәтижесінде, бүгінде бізде бірқатар дайындықтар және дағдарысқа қарсы саясатты тиімді жүргізе алатын жағдайымыз бар», - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2010 жылы бюджеттік жалақы мен студенттік төлем 25 пайызға, ал 2011 жылы ? 30 пайызға өседі. Орташа зейнетақы көлемі 2010 жылы ? 25 пайызға, ал 2011 жылы ? 30 пайызға өседі. Сонымен қатар, 2011 жылы зейнетақы төлемінің базалық көлемі өмір сүру деңгейінен 50 пайызға дейін өседі». «Еңбек рыногын дамыту мүмкіндігі бізде де, Солтүстік Қазақстан облысында да бар. Оларды ойлап табудың қажеті жоқ. Бізде жұмыс жетеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қалпына келтіру, жолдарды жөндеу және т.б.».Аймақ басшысы СҚО-да тұрғын үй құрылысы дамитын болады, қосымша жұмыс орындарын құру міндеттері жүзеге асырылады, мамандар жаңа кәсіпке қайта оқытылады, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласындағы әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базалары жаңартылады, ? деп атап өтті.
Облыс әкімі тиісті департаменттер мен ведомство басшыларына аймақтық әлеуметтік-экономикалық бағдарламаның жүзеге асуын қамтамасыз етуді тапсырды. Көктемгі далалық жұмыстарға әзірлік барысына да ерекше мән берілді. Өз сөзінде Серік Біләлов «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің назарын аудара отырып, ел Президентінің халыққа Жолдауындағы міндеттердің орындалуына күш салу қажеттігін атап өтті. «Біздің облыс тұрғындары Мемлекет басшысының Жолдауын үлкен құлшыныспен қабылдады. Облыстық және аудандық БАҚ-да осы оқиғаға байланысты солтүстікқазақстандықтардың үнқосулары басылды. Еліміздің стратегиялық құжатына ақпараттық дем беру жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттері саналады. Бұл істің тиімділігі ? бірінші кезекте ақпараттық-насихаттау тобы жұмыстарының сапасына қатысты болады», - деді облыс әкімі.Жиналыста сөз сөйлеген жұртшылық өкілдері, әлемдік экономикалық дағдарыстың күрделі жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге күш-жігерін бағыттаған Қазақстан Республикасының Президентіне алғыс сөздерін айтты және берілген тапсырманы орындауға бойдағы күш-қуаттарын сарқа жұмсауға әзір екендіктерін білдірді