Петропавлда өндірістік цехте шыққан өрт роботтың көмегімен сөндірілді
АСТАНА. KAZINFORM — Петропавл қаласында күнбағыс майын өндіретін өндірістік нысанда өрт шығып, қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Жұмыс барысында өрт сөндіру роботы қолданылып, бұл жұмыстың тиімділігін арттыруға және жеке құрам үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік берді.

— Жалын цех ішінде тұтанып, ғимараттың шатырына таралып, одан әрі жайылу қаупін тудырды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел түрде жетіп, 150 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы аумағы шамамен 2000 шаршы метрді құрайтын ғимаратқа өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Шымкентте газ құбырынан өрт шыққаны белгілі болды.