Петропавлда өрт шыққан жатақханадан 90 адам, оның ішінде 23 бала қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Петропавлда жекешелендірілген 5 қабатты жатақхана ғимаратында өрт болды.

Петропавлда өрт шыққан жатақханадан 90 адам, оның ішінде 23 бала қауіпсіз жерге шығарылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт бірінші қабаттағы бөлмеде 6 қазанда таңертең ертемен орын алды. Өрт 07 сағат 25 минутта ауыздықталды.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 бірлік техникасы мен 11 адам жеке құрамы тартылды.

Өрт 2 шаршы метр жерді алды. Өртті сөндіргеннен кейін 1952 жылғы ер азаматтың мәйіті табылды.