Петропавлда пенитенциарлық мекемелерде халық санағын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық өтті

ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасында пенитенциарлық жүйе мекемелерінде халық санағын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Түзету мекемелерінің өкілдері алдағы халық санағын ұйымдастыру және оны өткізу барысы жайлы хабардар етілді. Атап айтқанда, бір мекемеден екіншіге ауыстыру кезінде, сондай-ақ қамаудан босату кезінде сотталушыларды есептеу туралы сөз болды. Облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Надежда Ушакованың айтуынша, егер сотталушы ақпанның 25-інде бостандыққа шықса, оған ақпанның 24-і күні санақ бланкісі толтырылуы керек. Нұсқаулық барысында қатысушыларға сондай-ақ, бланктерді толтыру үлгілері көрсетілді. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы алты қылмыстық-түзету мекемесінде облыста тұратын және Қазақстанның басқа да өңірлерінде тұратын азаматтар жазаларын өтеп жатыр. Кездесуде атап көрсетілгеніндей, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының басшылығы санақты ұйымдастыруға үлкен мән беріп отыр және осынау маңызды шараны сапалы өткізуге қызу дайындалуда.
Соңғы жаңалықтар