Петропавлда Ресей азаматы есірткі контрабандасымен ұсталды

ҚР Есірткі бизнесімен күрес комитетінің қызметкерлері Петропавл қаласындағы «Сова» дәмханасында кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында Ресей Федерациясының 23 жасар азаматынан амфитаминді топтағы синтетикалық есірткінің мың жарым дозасын тәркіледі.
Ұсталғанның мәліметінше, ол мұндай есірткі партиясын бөлшектеп сатқан күнде 10 миллион теңгеден аса ақшаға ие болатын еді.
Ол қазір де жойылған арналар арқылы Щучье-Бурабай және Астананың ойын-сауық орталықтарын есірткімен қамтамасыз етіп отыруды көздеген.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұсталған адам - РФ Омбы қаласының тұрғыны. Бұрын РФ аумағында кісі өлтіргені үшін сотталған. Ережесіз төбелестен спорт шебері.
Ресей азаматының үстінен ҚР ҚК 259-бабының 3 бөлімі (есірткі затын заңсыз сату) және 250-бабы бойынша (есірткі контрабандасы) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.