16:26, 06 Мамыр 2011 | GMT +5
Петропавлда ресейлік азамат жол полициясы инспекторына жұдырық ала жүгірді
ПЕТРОПАВЛ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда көлік жүргізіп келе жатқан Ресей Федерациясының азаматы қарсы беттегі жолға шығып кетіп, оны жол полициясының инспекторы тоқтатты.

Құжаттарын көрсету туралы жол полициясы инспекторының заңды талабына бағынбаған ол, МАИ қызметкеріне жұдырық ала жүгірді, деп хабарлады СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына көшелерді бақылап жүрген жол полициясының шолғыншы экипаждары келіп, құқық бұзушы құрықталды. Қазіргі уақытта полицейге мас күйінде жұдырық ала жүгірген ресейлік азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оның автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Сергей Погосскийдің айтуынша, аталмыш факті бойынша қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.