Петропавлда Сбербанктің филиалы ашылды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- «Сбербанк» АҚ-ның Қазақстандағы еншілес банкі Петропавл қаласында еліміздегі 12-ші филиалын ашты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Солтүстік Қазақстан облысы - Қазақстанның болашағы үлкен облыстарының бірі. Сондықтан бүгінгі маңызды қадам жасалып, банк филиалын ашып отырмыз», дейді банктің басқарма төрағасы Олег Смирнов. Оның айтуынша, жаңа филиал Ресеймен шекаралас аумақта орналасқандықтан екі ел арасындағы ықпалдастықты арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Банктің жаңа филиалының ашылуымен 37 жұмыс орны ашылған. Жаңа филиал тұрғындарға толыққанды банктік қызмет көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар